ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Еңбекші депутаттар кеңесі Шымкент қалалық атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімі «№39 орта мектеп» 1975 жылы 18 шілдеде өзінің іргетасын қалады.1
Аталған мекеме ұзақ жылдық мекеме қызмет ету тарихында өзінің атауын бірнеше рет ауыстырды. Атап айтқанда:
Шымкент қаласының әкімдігінің 1983 жылы 1 қыркүйегінің қаулысы негізінде, Қалалық білім беру мәдениеті және халық денсаулығына сақтау
басқармасы «№39 Карл Маркс атындағы орта мектеп» болып атауы өзгертілді.2

Шымкент қаласының әкімдігінің 2000 жылы 03 маусым айындағы қаулысы негізінде, Шымкент қалалық білім басқармасы «№39 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» болып атауы өзгертілді.3
Шымкент қаласының әкімдігінің 2009 жылы 01 желтоқсандағы №1760 «Қалалық білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» қаулысы негізінде, «№39 Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп» болып атауы өзгертілді.4
Шымкент қаласының әкімдігінің 2010 жылы 11 маусымдағы «Қалалық білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» қаулысы негізінде, Шымкент қаласының білім бөлімі «№39 Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.5
Шымкент қаласының әкімдігінің 2012 жылы 05 қыркүйегіндегі №545 «Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының атауын өзгерту және жарғыларын жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысы негізінде, Шымкент қаласы білім бөлімінің «№39 Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.6
Шымкент қаласының әкімдігінің 2018 жылы 03 тамыздағы №81 «Шымкент қаласындағы білім басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің атауын өзгерту және жарғыларын жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысы негізінде, Шымкент қаласының білім басқармасының «М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.7
Шымкент қаласының білім саласыдағы кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы, Қазақстан Республикасының 1994жылғы 27 желтоқсандағы азаматтық кодексінің 45,46-баптарына Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001жылғы 23-қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011жылғы 01-наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі қаулысының негізінде «Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021жылы 02 желтоқсан айындағы №1523 қаулысы 47-бабының негізінде «М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып 2022жылдың 13-сәуір айынан бастап ауыстырылды.
Мектептің басқару жүйесі:
Білімнің бәсекелестік сапасын көтеру;
Мұғалімдерді біліктілігін арттыру курсына қатыстыру;
Сабақтың тиімділігін арттыру;
Білім алушыларға әдіс тәсілдер қолдану;
Оқушыларға түрлі технологиялар арқылы зор ақпаратпен таныстыру;
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі басымдылықтары:
Бәсекелік қабілет;
Сананың ашықтығы;
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
Ұлттық бірегейлікті сақтау;
Білімнің салтанат құруы;
Мектептің жеке құрам бойынша құжаттары 1975-2010 жылдар аралығында Шымкент қалалық мемлекеттік архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сақтауға қабылданды.
- №1 қор, тізімдеме №1ж 1975-2010 жылдар аралығындағы (жеке құрам бойынша бұйрықтар) тізімдемеге №1-30 ға дейінгі (отыз) іс енгізілді.
- №1 қор, тізімдеме №2ж 2005-2010 жылдар аралығындағы (еңбекақы есептеудің жеке шоттары) тізімдемеге №1-7 ге дейінгі (жеті) іс енгізілді.
- №1 қор, тізімдеме №3ж 1975-2010 жылдар аралығындағы (жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке іс қағаздары және жеке карточкалары) тізімдемеге №1-286 ға дейінгі (екі жүз сексен алты) іс енгізілді.
Жеке құрам бойынша құжаттар реттеліп өнделіп тізімдемесі жалғастырылды.
- №71 қор, тізімдеме №13ж 2008-2015 жылдар аралығындағы (жеке құрам жөніндегі бұйрықтар) тізімдемеге 6 (алты) іс, №31 ден - №36 ға дейін іс енгізілді.
- №71 қор, тізімдеме №15ж 2011-2015 жылдар аралығындағы (жеке құрам жөніндегі істер) тізімдемеге 105 (жүз бес) іс, №191-ден № 295-ке дейін іс енгізілді.