Шымкент қаласының білім басқармасының
"№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(8702) 424-37-23
(8702) 424-37-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп парламенті» президентінің сайлауы
21
октябрь
2024

«Мектеп парламенті» президентінің сайлауы

Шымкент қаласы  білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі  Қосымша білім беру оқу салалық орталығы Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығынң  2024 жылдың  12 қыркүйегіндегі № 15-53-209 хатына сәйкес  мектепте өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру , білім алушылардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашу және дамыту қажеттігін арттыру мақсатында  2024 жылдың 19 қазанында «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президентік  сайлауы өткізілді.
Сайлауға дейін кандидаттар  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мектептің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде сайлау алды бағдарламаларын жариялады. 
Шешуші кезең, 19.10.2024ж мектепте өткен сайлау күні оқушыларға бюллетень таратылып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру аяқталған соң,  комиссия мүшелері дауыстарды санап, төмендегідей көрсеткішті көрсетті:
1. Бақыт Ерасыл 20%
2. Ануарбек Балым 35%
3. Қабылбек Аяулым 10%
4. Қадырхан Бексұлтан 10%
5. Серік Салтанат 25%
Сайлау нәтижесінде «Мектеп парламенті» президенті болып 10 «Ә» сынып оқушысы Ануарбек Балым сайланды.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив