21
октябрь
2024
«Бала құқығы - басты құндылық»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы - басты құндылық» тақырыбында өтетін айлық науқан іс-шара жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 10 қазан күні отбасылық құндылықтарды сақтау және психологиялық ахуалды жақсарту, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу, тіл табысып кетуіне ықпал ету мақсатында мектеп психологтары Доскелдиева А. мен Сұлтанбекова А. «Анама хат», «Әкеме хат» тақырыптарында хаттар жазу іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға 6 «Ж» сынып оқушылары белсене қатысты.