Шымкент қаласының білім басқармасының
"№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(8702) 424-37-23
(8702) 424-37-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2023

Қамқоршылық кеңес

«М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» 

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы


2022  жылғы    10қыркүйек

Шымкент қаласы


Қатысқандар :

Мектеп директоры: Б.Ш.Қаработа

Қамқоршылық кеңес төрағасы : Ж.Қ.Сарманов

Ата-аналар комитетінің төрайымы:Н.С.Шиналиева 

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: С.Қ.Момбекова, Ж.Мадиярова, Т.Исабекова, С.К.Укибаева.

Әлеуметтік педагог : Т.Әпен

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Т.А.Кузумбаева, Қ.Д.Мельдеханова,А.Б.Лесбекова

Қамқоршылық кеңес мүшелері : 9 адам


Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңес құрамының жұмысы (жоспарларды бекіту, кеңес құрамын, кеңес хатшысын сайлау).


Тыңдалды

Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша мектеп директоры Б.Ш.Қаработа мектеп қамқоршылық кеңесінің құрамын келешекте өзгереді деп ескертті. Биылғы оқу жылына кеңестің төрағасы болып Ж.Сарманов қалды деді. Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып А.Лесбекова сайланды.

Мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы және оның нығаюына көмек бертін, ықпал жасайтын демеушілер туралы айтты.Биылғы оқу жылында мектептің бірінші қабатының әрленуіне кіші-гірім демеушілік көмек көрсетілді деп айтты.

       Мектеп асханасының жұмысын қадағалауға да үнемі қатысу керектігі айтылып, а.ж. қыркүйек айының 09 –на ҚББ келген №518 хат негізінде бракераждық комиссия құрамына қамқоршылық кеңес төрағасы және оның мүшелері екі апталық тексеру комиссия құрамына кезектесіп енетінін айтып өтті.

      Келесі мәселеде қамқоршылық комиссия төрағасы Ж.Сарманов 2022-2023 жылға жасалған жұмыс жоспарымен таныстырды. Мектепішіндегі барлық қомқоршылық кеңестің көмегі керек жерлерге атсалысу үшін айына жоспардан тыс отырыстар жасалады деді.


Шешім:

   1.2022-2023 оқу жылына жасалған жоспар бойынша жұмыстар атқарылсын.



            Хатшы : А.Лесбекова


М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» 

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қамқоршылық кеңес, бракераждық комиссия  отырысының хаттамасы


2023  жылғы    09 қаңтарда 

Қатысқандар :

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Н.С.Шиналиева 

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: А.Шарипбекова 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: А.Б.Лесбекова 

Әлеуметтік педагог : Т.Әпен 

Мектеп мед.бикесі: Э.Ашакулова 

Қамқоршылық кеңес мүшелері : 2адам


Күн тәртібі:

1.Білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруы мен   асхана жұмысының сапасы мен асхананың ІІІ тоқсанға даярлығын тексеру туралы.


Тыңдалды

      Күн  тәртібіндегі   мектеп асхана жұмысының сапасы мен білім алушылардың тамақтануының ұйымдастырылуын тексеру комиссиясы   төмендегі құраммен тексерді:

Ата- аналар комитетінің төрайымы  Нурбала Шиналиева, 6 сынып ата-анасы Д.Дарапова, мектеп мед.бикесі Э.Ашакулова, әлеуметтік педагог Т.Әпен, ДТЖЖО А.Лесбекова ,қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ж.Еркинбеков, Н.Доскелдиев.

    Тексеру нәтижесінде асханаға бекітілген ас мәзіріне сай тамақтар әзірленген, стол үсті дер кезінде сүртіліп, ас қалдықтары жиналған. Асхана қызметкерлері талапқа сай киінген .Мед.бике Э.Ашакулова асхана қызметкерлерінің сан. кітапшасы мен тағамдардың сертификаттарын тексеріп шықты . Барлығы талапқа сай деді. 

 Кемшіліктері:

  • Тоңазытқыш ішінде талапқа сай емес заттар орынласқан/ тәтті бұйымдар, кешегіден қалған тағамдар/. Асхана қызметкерлері ішеді деп жауап берді.
  • Пекарняға арналған шкафта талапқа сай емес, ішінде барлақ заттар араласып жатыр. Өте лас . 
  • Асхана қоймасындағы заттарға арнайы тарра жоқ. Талапқа сай сақталмаған. 

Табылған кемшіліктердің жойылуын тексеру мектеп медбикесіне  және асханаға   жауапты орынбасар А.Шарипбековаға таспырылды.

 Шешімі:

  • Аталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, ретке келтірілсін.
  • Бакеражды комиссия дәл осы құраммен екі аптада бір рет кез-келген күні келіп  тексерсін.
  • Айтылған кемшіліктердің  жойылуын тексеру жауапты орынбасары А.Шарипбекова қадағаласын.

Хатшы: А.Лесбекова 




«М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» 

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

2022  жылғы   28 желтоқсан

Қатысқандар :

Мектеп директоры:Б.Ш.Қаработа 

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: С.Укибаева, Т.Исабекова, Ж.Мадиярова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: А.Б.Лесбекова, Т.А.Кузумбаева 

Қамқоршылық кеңес мүшелері : 6адам

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Н.С.Шиналиева 

Әлеуметтік педагог : Т.Әпен 

Кәсіподақ төрайымы: Г.Сабденова 

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңесінің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдықта атқарған жұмысы бойынша есебі.

2.Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланаң құқығы туралы» заңы мен БҰҰ халықаралық конвенцияны  және ҚР «Неке және отбасы»заңын талқылау.

Тыңдалды

  1. Күн   тәртібіндегі  мәселе: Қамқоршылық кеңесінің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдықта атқарған жұмысының есебібойынша төрағасы Ж.Сарманов сөз алды.Қамқоршылық кеңес  мүшелерімен бірге атқарылға жұмыстар бойынша төмендегіше баяндады:
  2. 20.08.2022жылы, 40000 теңгелік көмек мүгедек оқушыға операция жасауға көмек берілді.
  3. 09.08.2022жылы, «Мектепке жол» акциясы бойынша 774 оқушыға көмек берілді. Өтініш берілген барлық ата-анаға түгелдей мектеп формасына көмек жәрдемақы берілді.
  4. 10.09.2022 жылы 45000 теңгелік көмек әлеуметтік жағдайы төмен оқушыға көмек берілді.
  5. Қамқоршылық кеңес пен Мектеп әкімшілігі бірлесе отырып демеушілер көмегімен мектеп логотипі,мектеп фойесі, мектеп Рәміздері,акт зал пердесі,мектеп миссиясы,мектеп кітапханасы қоры жаңа әдеби кітаптарымен, мектеп қыздар шеберханасы тігін машинкаларымен жабдықталды деді.

Осы жерде қалған мүшелеріде басқа жақтан демеушілер қарастырып жатқанын, болашақта мектеп стадионын да жөндеу керектігін айтып өтті. 

  1. Екінші сұрақ бойынша мектеп директоры Б.Ш.Қаработа сөз алып мектепішілік жетім оқушылар туралы ,олардың қорғаншылық  патронаттық жұмысы бойынша әлеуметтік педагог Т.Әпеннің есебін  тыңдады. 

- жетім бала -1

- қорғаншылықта -2

- көп балалы -466

- АСП- 152

- тегін тамақ – 1461оқушы деп атап өтті. 

Мектеп ішілік ерекше назарда 4 оқушы , девиантты мінезқұқлықты оқушы жоқ деп айтып шықты. Ата-аналар төрайымы Н.Шиналиева сабақ уақыты біткен соң бос уақытта оқушылардың далада қараусыз қалмауы үшін түрлі үйірмелерді тегін ұйымдастыру керектігін айтты. Мектепте артық, бос бөлме жоқтығынан шарасыз болып тұрғанын директор түсіндірді.


 Шешімі: 1.Қамқоршылық кеңесі есебін әр тоқсан соңында жасасын.

2.Қамқоршылық кеңесі тарапынан оқушыларға көмек ретінде демеушілік көрсететіндер қатарын көбейту.


Хатшы :А.Лесбекова 

Похожие публикации:

14 июнь 2023 мектеп тарихы
20 апрель 2023 2021-2022 жыл
30 январь 2023 ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив