18
октябрь
2024
«Тең мүмкіндіктер» атты қалалық кезеңдегі инклюзиялық спорт фестивалі өтілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру
қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыруымен «Инклюзивті қоғамды дамытуды қолдау» басымдылық бағытын және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты қалалық кезеңдегі инклюзиялық спорт фестивалі өтілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бірлік және ынтымақ» жобасы орындалды.
Аталған фестивальге М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінің арнайы сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Ойын барысында командалық ұйымшылдық пен күш жігерлерінің мықтылығының арқасында мектебіміздің спортшылары 3-орынды қанжығаларына байлады.
Оқушыларға жетекшілік жасап, қолдау көрсеткен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уразалиев Анарбек Серикович, дене шынықтыру мұғалімі Ералиев Дархан Джанайдарович, Асанов Асқар Сырымбетұлы, Қырықбаев Жеңіс Мухтарұлы, Артыгалина Гульнар Райхановна және Альтаева Алия Есетовна.
Ал біз оқушыларымыздың тек биік шыңдарды бағындыратынына сеніміміз мол!