Шымкент қаласының білім басқармасының
"№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(8702) 424-37-23
(8702) 424-37-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
21
октябрь
2024

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы
№39 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қазан-Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өтілді. 
Осы лекте  оқушылар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кузумбаева Толқын ұстаздық жолында ерен еңбігімен ел құрметіне бөленген Жұмажан Әбиевамен сұхбаттасты. Жұмажан әженің ақылдылығы мен даралығы оқушыларымызды тәнті еткені сөзсіз. «Мен Әбиева Жұмажан Кәрімжанқызы педагогика  
саласында 35 жыл жұмыс істедім.  Сайрам ауданының Калинин бөлімшесінде математика және физикадан сабақ бердім. 1980 жылда  Шымкент қаласында балабақшада меңгерушінің орынбасары болып жұмыс жасадым және орыс топтарына қазақ тілінен сабақ жүргіздім. Дайын  әдебиеттің жоқтығына байланысты ізденіп орыс тілінен қазақшаға аударып, құрастырып екі топқа сабақ өтудің әдістемелік кітапшасын жаздым, қалалық семинар өткіздім. Сол жолы  «Ағарту ісінің озық қызметкері» деген значёкпен дәріптеді. Қазір демалыстамын. Немерелерім Әмір мен Айша, Жақан  39 мектепте оқып жатыр. Оқу  озаттары»,- деп өмір жолы мен жетістіктерін айта келе, ізет пен құрмет көрсетіп отырған кіші буынға ақ батасы мен жылы лебізін білдірді. 
Ал біз өз кезегімізде Жұмажан әже мен барша қарт кісілерді мерекелірімен құттықтаймыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, қарттарымызды қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтайық.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив