Шымкент қаласының білім басқармасының
"№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(8702) 424-37-23
(8702) 424-37-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Жұмабаев атындағы№39 жалпы орта білім беретін мектебі 2021-2022 оқу жылының дебат клубының есебі
15
июнь
2023

М.Жұмабаев атындағы№39 жалпы орта білім беретін мектебі 2021-2022 оқу жылының дебат клубының есебі

М.Жұмабаев  атындағы№39 жалпы орта білім беретін мектебі 

2021-2022 оқу жылының дебат клубының есебі

Дебат дегеніміз – пікірсайыс. Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.

2021-2022 оқу жылының басында «Болашақ», дебат клубтарының бұйрықтары мен жоспарлары жасалынып бекітілді. Оқу жылының басында
 6 сыныптар арасында дебат клубы жайлы, жалпы ойынның ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 7 сыныптар арасында "БП жастардың мәдениетін көтеру жолдарын ұсынады","БП ҚР жастардың кітап оқу көрсеткішін арттырудың тиімді жолын көрсетеді " осы қарарлар бойынша оқушыларымыз жақсы ойын көрсетті.
 
Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 


8-9 сынып оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді. Дебат ойыны барысында оқушыларымыз нақтылыққа, ойларын ашық жеткізуге және жүйелілікке үйренді. Екі фракцияда бір-біріне айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойларының дұрыстығын дәлелдеп шықты. Ойын өз дәрежесінде өте жақсы өтті.


 «Адалдық алаңы » айлық жоспарына сәйкес 6-сыныптар арасында "БП Қазіргі таңда әлемде  мейірімділік жоқ деп есептейді" тақырыбы бойынша мектепішілік дебат турнирі өткізілді.


2021 жылдың 13 сәуір күні 7-8 сынып оқушылары арасында қазақ лигасы бойынша мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Ойын өте тартысты, жоғары деңгейде өтті. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіске 8"Б" сынып оқушыларынан құралған "Білімді Ұрпақ" фракциясы жеңіске жетті.


5АБВ сыныптар арасында " БП танымал тұлғалар еліктеу үшін үлгі болмауы тиіс деп санайды" осы қарар бойынша пікірсайысшыларымыз жақсы ойын көрсетті. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


6-7 сыныптар арасында " БП жеке меншік мектептерді жабу керек деп есептейді", "БП мектептерде 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуды қолдайды" осы қарарлар бойынша пікірсайысшыларымыз жақсы ойын көрсетті.


 Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға,  жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарастарын ашықта жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу.  


Өзін-өзі басқару ұйымы және «Жас Ұлан» ұйымының комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Мектепішілік дебат ойындары төмендегі қарарлар бойынша ойнатылды. 



5-10 сыныптар арасында "Дарын" дебат клубының жаңадан қосылған пікірсайысшыларына Американдық парламент (АПФ) форматы бойынша ойынның ережелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық, қалалық турнирлерде қазақ лигасы бойынша жақсы нәтиже көрсетіп жүрген пікірсайысшыларымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойын көрсетті. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив