Шымкент қаласының білім басқармасының
"№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(8702) 424-37-23
(8702) 424-37-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2024

«Спорт-бейбітшілік елшісі»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» «Бірлік және ынтымақ жобасын» іске асыру мақсатында 1 қазан күні жоспарға сай Дене шынықтыру апталығының алғашқы күні өтті. 
Апталық 1.10.2024-11.10.2024 ж. аралығында өтеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылармен ашық сабақтар және спорттық жарыстар ұйымдастыруда. Атап айтсақ, 1-11 сыныптар арасында дойбы және шахматтан, 5-8 сыныптар арасында футболдан, 
9-11 сыныптар арасында волейболдан, 
9-11 сыныптар арасында үстел тенисінен жарыстар өткізу жоспарға сәйкес жүргізіледі. 
Апталықтың мақсаты: оқушыларға спорттың адам денсаулығы үшін маңыздылығын, өмір салауаттылығын қалыптастыру, заманның түрлі зиянды әрекеттерінен бойларын аулақ ұстауын насихаттау.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив