21
октябрь
2024
«ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» «Жасампаздық және жаңашылдық» жобасын жүзеге асыру мақсатында 4 қазан «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға мектеп оқушылары белсене ат салысты. Мерекелік концерт талантты оқушыларымыздың өнерлері мен ұстаздарға арналған ерекше тосын сыйларға толы болды.
Концертке арнайы қонақ болып келген ардагер ұстаздарымызға, өнер көрсеткен барша оқушыларға және ардақты ұстаздарымызға алғысымыз шексіз!
Ұстаздар күні құтты болсын!